Орталық туралы мәлімет

Қызылорда облыстық олимпиадалық резерв даярлау орталығының  атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

 

     2004 жылы облыс әкімінің шешімімен «Қызылорда облыстық олимпиадалық резерв даярлау орталығы» ашылды, (бұдан әрі-Орталық) 30 спортшыларға спорттың 7 түрінен (бокс, еркін күрес, грек-рим күресі, дзюдо, ауыр атлетика, жеңіл атлетика және таеквондо). Орталықты құрудың негізгі мақсаты - ұйымдастыру және жыл бойы орталықтандырылған спортшылардың даярлығын өткізуге, облыс және еліміздің құрама командаларының мүшелерін спорт түрлері бойынша қабілетті спортшылар үшін олимпиадалық циклге жоғары нәтижелерге қол жеткізу болып табылады. Ашылған сәттен бастап бүгінгі таңға дейін Орталық 12 спорт түрлері бойынша дайындық жүргізуде. Бұл уақытта Орталықпен 3 еңбегі сіңген спорт шебері, 14 халықаралық дәрежедегі спорт шебері және 57 ҚР спорт шеберлері дайындалды.

     2008 жылы XXIX жазғы Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында Орталықтың ауыр атлетикадан спортшысы Илья Ильин олимпиада чемпионы атанды. 4 жылдан кейін 2012 жылы Лондон қаласында өткен кезекті Олимпиада ойындарына Орталықтан төрт спортшы қатысты: Дәулет Ниязбеков (еркін күрес, 5-орын), Алмас Өтешов (ауыр атлетика, 7-ші орын), Александр Зайчиков (ауыр атлетика, 9-орын) және Виктор Лептиков (жеңіл атлетика).

     2016 жылы Бразилияда жазғы Олимпиада ойындарына Орталықтан екі спортшы қатысты – бұл Александр Зайчиков (ауыр атлетика, 3-орын) және Ғалымжан Өсербаев (еркін күрес, 5-орын).

Орталық спортшылары спорт түрлері бойынша Қазақстан командасының құрамында ірі халықаралық жарыстарда жазғы және қысқы Азия ойындары, Әлем және Азия чемпионаттарына қатысып тұрады. Азия ойындарына Орталықтан 12 спортшы қатысып, үш қола жүлдегері, тоғыз спортшы әлем біріншілігінің жүлдегері болды.

     2009 жылы Қазақстан Республикасының Туризм және спорт Министрлігі олимпиадалық резерв даярлау орталықтарының байқау-конкурстың қорытындысы бойынша, ең үздік спорттық-сауықтыру жұмыстарының арасында «Қызылорда облысының олимпиадалық резерв даярлау орталығы» - Республика бойынша үздік деп танылды.

     Бүгінгі таңда Орталықтың мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Халықаралық жарыстарда топ жарып келеді. Ол 2016 жылы қысқы жасөспірімдер Олимпиада ойындарында үшінші орын алды, келесі жылы 2017 жылы қысқы Азия ойындарында әйелдер арасында қола медальді жеңіп алды. Элизабет Тұрсынбаева 2018 жылы Пхенчхан қаласындағы (Оңтүстік Корея) XXIII қысқы Олимпиада ойындарында 12-орын алды.

     Олимпиадалық резерв даярлау орталығының ұжымы жоғары спорт жетістіктеріне жету үшін перспективалық спортшыларды облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінен іріктеу жұмыстарын жүргізуде. 

     Олимпиадалық резерв даярлау орталығында 2018 жылы 61 спортшы 12 спорт түрі (Ауыр атлетика, әйелдер күресі, бокс, велоспорт, грек-рим күресі, дзюдо, еркін күрес, жеңіл атлетика, таеквондо, мәнерлеп сырғанау, байдарка және каноэ есу, стенд ату) болса, 2019 жылдың ақпан айынан бастап 14 спорт түрінен (ауыр атлетика, әйелдер күресі, бокс, велоспорт, грек-рим күресі, дзюдо, еркін күрес, жеңіл атлетика, таеквондо, мәнерлеп сырғанау, байдарка және каноэ есу, стенд ату, үлкен теннис, каратэ-до) 71 спортшыны қамтамасыз етеді.

    2020 жылдан бастап Олимпиадалық резерв даярлау орталығында 13 спорт түрінен (ауыр атлетика, әйелдер күресі, бокс, велоспорт, грек-рим күресі, дзюдо, еркін күрес, жеңіл атлетика, таеквондо, байдарка және каноэ есу, стенд ату, үлкен теннис, каратэ-до) 70 спортшыны қамтамасыз етеді.