ТЕННИСТЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР

Енгізілді: 03.06.2019Қаралғаны: 118 рет

ТЕННИСТЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ЖАҚАС ҚОЗБАҚ КҮМІС, 
ЭДЕЛЬЛИС НАРМАҒАНБЕТ ҚОЛА ЖҮЛДЕЛЕРДІ ИЕЛЕНДІ

Шымкент қаласында 27.05-1.06 аралыгындатеннистен 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтті.

Дүбірлі додаға Үндістан, Сингапур, Корея, Өзбекстан, Қырғызстан, Тəжікстан, Непал, Малайзия, Ұлыбритания, Вьетнам жəне Қазақстанның мықты теннисшілері қатысты.

Турнирде Олимпиадалық резерв даярлау орталығының спортшылары жақсы нәтиже көрсетіп, орындарға иеленді.

Ұлдар арасында Қозбақ Жақас жұптасып сынға түсуден күміс жүлдеге ие болды.
Жұбы: ағылшындық Джош Мануэль.

Қыздар арасында Нармағанбет Эдельлис жұптасып сынға түсуден қола жүлдені еншіледі. 
Жұбы: қазақстандық Қарақат Қойлыбаева.